13-09-21 |
540 рет қаралған
Ресейдегі ұшақ апатынан төрт адам қаза болды.
Ресейдегі ұшақ апатынан төрт адам қаза болды

Ресейдің Иркутск облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесінің бортында 2 экипаж мүшесі мен 14 жолаушысы болған.  Бұл туралы РИА Новости порталы жазды.

Ресейлік БАҚ таратқан мәліметке сүйенсек, ұшақ апатының салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алған. Лайнер жерге құлаған соң жанған. Ұшақ апаты Иркутск облысы Казачинское ауылының маңында болды. 

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Жарақат алғандар өз бетінше қозғала алмайтын көрінеді. 

Жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.