16-03-19 |
2260 рет қаралған
Ресейдің Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алғанына бес жыл болды.
Ресейдің Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алғанына бес жыл болды

Осыдан бес бұрын 2014 жылдың 16-наурызында Қырымда Ресейдің ұйымдастыруымен Қырым түбегінің мәртебесі туралы референдум өтті. Ресми Мәскеудің есебінше, дауыс берушілердің 97% Қырымның Ресейге қосылуын құптаған.

Украина және батыс елдері, АҚШ Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын айыптайды. Қырым оқиғасынан кейін АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге қарсы экономикалық санкциялар салып, оны жыл сайын күшейтіп келеді.

Ресейдің ресми билігі бастапқыда Қырымдағы әскери операцияларға Кремльдің қатысы жоқ екенін айтқан. Алайда арада бір ай өткен соң, Ресей президенті В.Путин Қырымды аннексиялаудың артында ресми Мәскеу тұрғандығын мәлім еткен еді.

БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадан Қырымның бөлінуі туралы референдумды заңсыз деп танитын қарарды көпшілік дауыcпен 2014 жылы  наурыз айында қабылдаған. Осы жиында Армения, Беларусь, Боливия, Венесуэла, Зимбабве, Куба, Никарагуа, Ресей, Сирия, Солтүстік Корея мен Судан ғана референдумды заңды деп танитынын білдірген. Дауыс беру кезінде Қазақстан қалыс қалған. Астана осы кезде Қырымға байланысты ұстанымын «Қазақстанда Қырымда өткен референдумды автономиялық республика халқының еркін түрде ерік білдіруі деп қабылдап, Ресей федерациясының шешіміне түсіне қарайды» деп білдірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.