29-11-20 |
750 рет қаралған
Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны демаркациялау әлі аяқталмаған.
Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны демаркациялау әлі аяқталмаған

Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау әлі аяқталмаған. Шекараны демаркациялау бойынша кезекті 104 отырыс 23-27 қарашада Ресейдің Самара қаласында өткен.  Ол отырыста сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелеріне демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын бекітіліп, мемлекеттік шекара сызығының жекелеген учаскелерін белгілеуге байланысты кешенді мәселелер талқыланып, алдағы жылға арналған жұмыс жоспарларын нақтыланған.

Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара ұзындығы 7548 км. Оның 6696 км немесе 89% демаркацияланып, 5066 шекара бағанасы орнатылған.

Қазақстанмен шекаралас бес мемлекет бар. 2018 жылы Қазақстан Түрікменстан және Қырғыз Республикасымен шекараларды демаркациялауды аяқтаған. Ал Өзбекстан Республикасымен шекарада далалық демаркациялық жұмыстар аяқталып, қазіргі таңда демаркацияға қосымша құжаттар дайындалуда екен.

Қытай Халық Республикасымен Демаркация да аяқталды, тиісті заңға 2002 жылы қол қойылған.

Еліміздің мемлекеттік шекарасының жалпы ұзындығы 13398 км.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.