15-10-21 |
640 рет қаралған
Саакашвили жақтастары сайлау күні митингке шығатынын хабарлады.
Саакашвили жақтастары сайлау күні митингке шығатынын хабарлады

Грузияның бұрынғы басшысы Михаил Саакашвилидің жақтастары Тбилисдің орталық алаңында митинг өткізді. Митингті Саакашвили құрған «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясы ұйымдастырған. Шараға мыңдаған адам қатысты. Сахнаға қойылған мониторлар арқылы украиналық  «Батькивщина» партиясының көшбасшысы Юлия Тимошенко, Жоғарғы рада «Халық қызметшісі» фракциясының басшысы Давид Арахамии және журналист Дмитрий Гордонның сөздері қосылған. Олар қолдау көрсетіп, саясаткерді бостандыққа шығаруды сұрады. Бұл туралы «РИА Новости» хабарлады.

 

Митинг тыныш өтті. «Біртұтас ұлттық қозғалыс» партиясының өкілі Ник Мелия келесі акция 30 қазанда өтетінің хабарлады.

«Бүгін «Бостандық» алаңы мен Руставели даңғылы толды. Сондықтан біз моральдық тұрғыдан жеңіске жеттік. Ал саяси жеңісті бірнеше күннен соң тойлайтын боламыз. Билік бізді басып кіреді деп күтіп отыр. Алайда ешкім мұндай нәрсені жоспарламаған. 30 қазанда біз елімізді  босатамыз және Саакашвили еркіндікке шығады. Біз қазір жанжалсыз тарап, 30 қазанда қайта жиналуымыз керек», – деп аяқтады ол. 

Грузияда 30 қазан күні сайлаудың екінші кезеңі өтеді. 20 қала мен аудандар мэрі сайланады. Барлық жерде күрес «Ұлттық қозғалыс» пен «Грузия арманы» партия кандидаттарының арасында жүрмек. 

Айта кетейік, Украинада тұрып жатқан Саакашвили Тбилисиде 1 қазанда тұтқындалған. Оны Рустави қаласындағы түрмеге ауыстырған болатын. 

Оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған. Оның ішінде банкир Сандро Гиргвлианидің өлімі мен депутат Валерий Гелашвилидің соққыға жығуға қатысты істер де бар. Бірінші жағдай бойынша Саакашвилиді 3 жылға, екінші жағдай бойынша 6 жылға сырттай соттаған. 

Сонымен қатар Михаил Саакашвилиді 2007 жылы 7 қарашада өткен митингті күшпен таратты, «Имеди» телекомпаниясын бұзу және бюджет қаржысын жұмсау істеріне де қатысы бар деп айыптаған. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.