24-08-23 |
740 рет қаралған
Самат Әбіштің қайда екені айтылды.
Самат Әбіштің қайда екені айтылды

Назарбаевтың немере інісі, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш қуғын-сүргіннен аман.

Жалғанды жалпағынан басқан әулеттің өкілі қазір тыныш қана Түркияда тұрып жатыр. Жан-жағы таумен қоршаған Эгей теңізінің емдік суына балтырын малып, күн нұрынан нәр алуда. Осы күнге дейін барымта-сырымтамен тапқан капиталы оған уайым-қайғысыз өмір кешуге мүмкіндік береді.

DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Саматтың түрік жерінен тұрақ табуына президент Ердоған мен түріктің Ұлттық барлау қызметі (Milli İstihbarat Teşkilatı, MIT) рұқсат берген.

Саматтың Түркиядан өзге барар жер, басар тауы жоқ десек, қателескен боламыз. Назарбаевтың немере інісі Әмірліктерден, соның ішінде Дубайдан жылжымайтын мүліктің бірнешеуін алып тастаған. Тықыр таяғанын сезсе, әлгі жаққа қас пен көздің арасында тайып тұрады.

ҰҚК? «Үш әріп» басшылығы Әбіштің қайда тұрып жатқанын білмейді емес. Біздегі инсайд бойынша ҰҚК мен MIT Әбішке қатысты ортақ ұйғарымға келген, ұдайы ақпарат алмасып отырады.

Ал «әулеттің шипасы бітті…» деуге әлі ерте. Отыз жыл бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ықпалды тұлғалармен тығыз контакті орнатқан Назарбаев кланы Жаңа Қазақстаннан ығар емес.

Саматтың ағасы Қайрат Сатыбалды былтырғы жылдың наурызында Дубайға қашқалы тұрған жерде құрықталған. DALA INSIDE-тың қолындағы ақпарат бойынша қазір ол Өскемендегі түрмеде жатыр. ҰҚК-нің экс төрағасы Мәсімов те осы жерде жазасын өтеуде.

Arasha.kz

ФОТО: Halyq Uni

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.