11-05-21 |
360 рет қаралған
Татарстанда мектептегі атыстан 7 оқушы қаза тапты.
Татарстанда мектептегі атыстан 7 оқушы қаза тапты

Татарстан астанасы Қазан қаласында Файзи көшесіндегі № 175 гимназияда белгісіз біреулер оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырды. Бірнеше белгісіз адам мектепке қарумен кірген.

Соңғы деректер бойынша оқу орнында атыс кезінде 11 адам қаза тапты, олардың көпшілігі балалар, деп жазды РИА Новости. 

Татарстан басшысы Рустам Миннихановтың айтуынша, төрт ұл мен үш қыз оққа ұшқан. Тағы 16 адам, оның ішінде 12 бала және төрт ересек адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Қазіргі таңда қалған оқушылар ғимараттан эвакуацияланды. Олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Желіде оқушылардың терезеден секіріп жатқаны түсірілген видео тарады.  

РИА Новости жедел қызметтерге сілтеме жасай отырып, қаза болған оқушылардың екеуі үшінші қабаттағы терезеден секіріп құлап кеткенін хабарлады.

Атыстан кейін мектеп ғимаратында жарылыс болғаны белгілі болды. Аумақты түтін шығып жатыр.
Төтенше жағдай орнына 20-дан астам жедел жәрдем бригадасы жіберілді.
Атыс ұйымдастырды деген күдікпен 19 жастағы Ильназ Г. ұсталды. Екінші шабуылдаушы мектептің төртінші қабатында бұғатталды, қазір оны ұстау бойынша арнайы операция жүргізіліп жатыр. Күдікті кепілде адам ұстап отыруы мүмкін.

Атыс ұйымдастырған жасөспірімдердің бірі – осы мектептің оқушысы екені белгілі.

Оқиға орнына Татарстан президенті Рустам Минниханов, республиканың денсаулық сақтау министрі Марат Садықов және өңір прокуроры Илдус Нафиков барды.

Қаланың барлық оқу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.