27-09-20 |
740 рет қаралған
Таулы Қарабақта қақтығыс жүріп жатыр.
Таулы Қарабақта қақтығыс жүріп жатыр

Таулы Қарабақта тағы да оқ атылып, атыс жүріп жатыр. Қақтығысқа Әзербайжан мен Армения бірін-бірі кінәлап отыр.

Армения сыртқы істер министрлігі 27 қыркүйек күні таңертең Әзербайжан Таулы Қарабах аймағына шабуыл жасағанын және әдейілеп бейбіт тұрғындары бар елді мекендерді атқылағанын мәлімдеді. Сондай-ақ Армения бар күш-қуатын пайдаланып, қарсы күш қолданатынын хабарлады. Армения Әзербайжанның әрекетін агрессия деп бағалап, бар жауапкершілік Әзербайжанның саяси-әскери басшылығының мойнында деді.

Ал Әзербайжан қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде 27 қыркүйек таңертең Армения әскери күші арандату арқылы Әзербайжан әскерін атқылаған. Және қақтығыс аймағындағы бірнеше ауылдарды да атқылаған.

Таулы Қарабақ тоқсаныншы жылдардан бері екі ел арасындағы даулы аймаққа айналған. Қарабах проблемасын шешуге еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының Минс тобы жұмыс істеп келеді. Ол топта бірқатар елдер бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.