07-10-21 |
440 рет қаралған
Тоқаев Қазақстаннан Ауғанстанға тұрақты түрде бидай жеткізілетінін айтты.
Тоқаев Қазақстаннан Ауғанстанға тұрақты түрде бидай жеткізілетінін айтты

Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 2,5 мың тонна астық жеткізеді. Қазақстан тарапынан мұндай көмек тұрақты түрде болады. 

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілеріне Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі кезінде айтты, деп хабарлады Ақорда.  

Президент рәсім кезінде Ауғанстандағы жағдайға да тоқталып, осы елдің жаңа билігін зорлық-зомбылықты, заңсыз есірткі тасымалын және бақылаусыз көші-қонды болдырмау жөніндегі міндеттерін орындауға шақырды.

«Ауған халқына гуманитарлық көмек ретінде құны 2,5 миллион доллар болатын 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу мәселесін пысықтап жатырмыз. Мұндай көмек аталған елге тұрақты түрде беріліп отырады», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекеттері мен үкіметтеріні басшыларына сәлемін жолдады.

Айта кетері, Ауғанстан екі айға жуық уақыт бойы Талибан* қозғалысының бақылауында отыр. Бұл Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған экстремистік діни ұйым. Көптеген ел өз азаматтарын эвакуациялады, оның ішінде Қазақстан да бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.