04-04-21 |
480 рет қаралған
Вашингтонда Капитолийге қайта шабуыл жасалды.
Вашингтонда Капитолийге қайта шабуыл жасалды

АҚШ астанасы Вашингтонда көлігімен Капитолийге басып кірмек болған тұрғынның қолынан тәртіп сақшысы көз жұмды.

Капитолий ғимаратына қарай көлігімен қатты жылдамдықпен жүрген тұрғын тексеру бекетінде тұрған екі полицейді қағып өткен. Салдарынан бір тәртіп сақшысы қайтыс болды.

Жүргізуші артынша полицейлерге пышақ ала жүгірген. Тәртіп сақшысылары оқ атып тоқтатты.

Полиция мәліметінше, көлікпен шабуылдаған азамат өміріндегі қиындықтарына мемлекетті кінәлаған Ноа Грин есімді адам болуы мүмкін. Қазір құқық қорғау органдары көлік жүргізушісінің бұл іс-әрекетінің себебін анықтап жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.