20-05-19 |
11780 рет қаралған
Зеленский: Мен осы уақытқа дейін халқымды күлдіріп келдім, енді оларды жылатпау үшін барымды саламын.
Зеленский: Мен осы уақытқа дейін халқымды күлдіріп келдім, енді оларды жылатпау үшін барымды саламын

Бүгін Украина астанасы Киевте жаңа президент Владимир ЗЕЛЕНСКИЙДІҢ инаугурациясы өтті. Оған Грузия президенті Саломе ЗУРАБИШВИЛИ,  Эстония басшысы Керсти КАЛЬЮЛАЙД және Литва президенті Даля Грибаускайте бастаған шетелдік меймандар қатысты.

Инаугурациям  дүйсенбіде белгіленген соң бірден жұмысыма кірісейін деді мемлекет басшысы. Айтпақшы, Владимир Зеленский бұрынғы президенттердей инаугурацияға көлікпен емес, жаяу келді. Сондай-ақ,  VIII шақырылымдағы Жоғарғы Рада депутаттарын тарататынын мәлімдеді.

«Үкімет біздің проблемамызды шешпейді. Үкімет біздің проблемамыз деген сөз бар. Біздің қолымыздан не келеді деп отыра беретін бізге үкімет керек жоқ. Бірақ олардың да қолынан іс келеді. Егер өз еріктерімен арыз жазып, орындарын босатса ол еңбектері бағаланады. Менің суретімді кабинеттеріңізге ілмеңіздер. Президент — портрет емес. Кабинеттеріңізге балаларыңыздың суретін іліп қойыңыздар. Солардың болашағы үшін еңбек еткен ләзім. Мен осы уақытқа дейін халқымды күлдіріп келдім. Енді оларды жылатпау үшін барымды саламын», — деді Владимир Зеленский.

Сондай-ақ, президент жұмысының бірінші күні әлемдегі барлық украиндерді атажұртқа шақырды. Және бірден азаматтық беретінін мәлімдеді. «Бізге сіздерден сувенир керек емес. Бізге жаңа Укаринаны құру үшін отаншыл азаматтар керек» деді ол.

Дереккөз: zhasalash.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.