Алматыда RBK банкінен 144 миллиард теңге жымқырды деп айыпталған тұлғаларға қатысты сот үкімі шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазаны тағайындау кезінде Ертаевтің өз кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені, шығынды ішінара өтегені және кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді. Бұл іс бойынша 37 адамның сотталғанын атап өту керек. Олардың қатарында RBK банкінің бұрынғы басшылары Игорь Мажинов пен Марпа Жакубаева, Qazaq banki-нің акционері Бахыт Ибрагимов бар. Күдіктілердің бірі сот ісі аяқталмай қайтыс болды. Қылмыстық іс 46 эпизод пен 700 томды құрады. Ал айыптау актісі 3600 парақтан асты.
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
28.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024
-
27.12.2024