16-11-20 |
1060 рет қаралған
Азия-Тынық мұхит аймағының елдері еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойды.
Азия-Тынық мұхит аймағының елдері еркін сауда жөніндегі келісімге қол қойды

Қытай мен Азия-Тынық мұхит аймағының 14 мемлекеті еркін сауда жөніндегі ірі келісімге қол қойды. Тараптар мұндай мәмілеге келу үшін 8 жыл келіссөз жүргізген болатын. Вьетнам астанасы Ханойдағы саммиттің қорытындысы бойынша құжат мақұлданды. Бұл одақтың үлесіне әлемдік экономиканың үштен бірі, яғни 29 пайызы тиесілі. Еуроодақтың 33 пайыздық үлесін ескерсек соған жетіп жығылады. Сарапшылар алдағы уақытта Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің ғаламдық экономикадағы рөлі арта түседі деп отыр. Өйткені бұл мемлекеттерде 2,2 миллиард адам тұрады. Жаңа құжат кедендік баж салығын азайтуға, бірыңғай сауда ережелерін енгізуге, тауар тасымалдауды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Келісім сауда, қызмет көрсету, электронды коммерция, телекоммуникация және авторлық құқық салаларын да қамтиды. Жаңадан құрылған әлемдік одаққа Қытаймен қоса, Вьетнам, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Таиланд, Филиппин, Мьянма, Бруней, Лаос, Жапония, Австралия, Оңтүстік Корея және Новая Зеландия елдері кіреді. Сарапшылардың айтуынша, АҚШ-пен сауда соғысын жүргізіп жатқан Бейжің үшін бұл үлкен жетістік. Келісім Азия-Тынық мұхит аймағының экономикалық интеграциясын арттырып, әлеуетін арттыра түспек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.