06-03-19 |
2320 рет қаралған
Головкиннің әр соққысы 39 мың долларға бағаланды.
Головкиннің әр соққысы 39 мың долларға бағаланды

Боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласына дарытқан әр соққысы 29 675 фунт стерлингке немесе 39 мың долларға бағаланды.  

Ұлыбританияның Ladbrokes букмекерлік кеңсесі танымал боксшылардың арасында кім дәл тиген бір соққыдан ең көп табыс тапқанын есептеп шығарды.

Sports.kz-тің мәлімдеуінше, рейтингтегі тоғызыншы орынды Головкин-Келл Брук жекпе-жегі иеленді. «GGG» қарсыласына 133 дәл соққысын дарытып, оның әрқайсына 29 675 фунт стерлинг (39 мың доллар немесе шамамен 14,6 миллион теңге) алған.

Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Бруктің жекпе-жегі бесінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталған болатын.

Ladbrokes жасаған рейтингтің бірінші орнын Амир Хан иеленді, оның Сауль Альвареспен жекпе-жегіндегі әр соққысы 213 784 фунтке бағаланған. Ал «Канело» әрбір дәл соққысы үшін 43 168 фунт төленген.

Дереккөз: Алтайньюс

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.