Бүгін Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының кезекті VI Пленумы өтті. Жиында екі негізгі мәселе талқыланды. Бірінші мәселе – Жазушылар Одағының осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары қорытындыланып, арнайы баяндама жасалды. Екінші – Қазақстан Жазушылар одағының алдағы ХV Құрылтайына дайындық мəселесі сөз болды.
Ресми баяндамалардан кейін, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан Оразалин 1996 жылдан бері жауапты қызмет атқарып келе жатқанын айта келіп, 22 жылдық жұмысын қорытындылап, алдағы Құрылтайда сайлауға түспейтінін мәлімдеді.
Одан кейін Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының орынбасары, ақын Маралтай Райымбекұлы академик Серік Қирабаевтың Пленумға қатысушыларға арнаған хатын оқып берді.
Жарыссөзге шыққан қазақтың айтулы қаламгерлері Сәбит Досанов, Қабдеш Жұмаділов, Марал Ысқақбай, Төлен Әбдік, Дулат Исабеков өз ойын ортаға салып, өзекті мәселелерді талқыға салды.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев жазушы қауымға көрсетіліп жатқан қамқорлықтар жөнінде, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жұмыстар турасында ресми баяндама жасады.
Сондай-ақ Темірхан Медетбек, Бексұлтан Нұржекеұлы, Иран-Ғайып, Сұмағұл Елубай, Марат Байділдәұлы, Рафаэль Ниязбек, Сейфолла Оспанов, Зейнолла Тілеужанов секілді бірқатар көрнекті қаламгерлер мінберге көтеріліп, ой-пікірлерін айтты.
Пленум үзіліссіз бірнеше сағатқа созылып, талқыланған мәселелер бойынша шешім қабылданды. Соған сәйкес жазушылардың кезекті ХV Құрылтайы алдағы 12 наурызда өтетін болып белгіленді.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024