Алматы қалалық сотының (апелляциялық коллегиясының) 2018 жылдың 29
қарашада түскен шағымды қайтарумен байланысты 2018 жылғы 12 желтоқсанда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2018 жылғы 24 қазандағы «Qazaq Banki» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді, -деп хабарлайды Ұлттық банк өзінің ресми сайтында.
Жеке және дара кәсіпкерлердің «Qazaq Banki» АҚ-тағы салымдарда
орналастырылған, ағымдағы шоттардағы және төлем карточкаларындағы ақшаны
өтетіп алу құқығы бар. Өтемақы жинақталған сыйақы ескеріле отырып, депозит бойынша қалдық сомасы шегінде, бірақ төмендегі ең көп кепілдік берілген сомадан аспайтын мөлшерде «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-тың (бұдан әрі – ҚДКҚ) қаражатынан төленетін болады:
– 10 миллион теңге – ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
– 5 миллион теңге – шетел валютасындағы депозиттер бойынша.
Бір салымшының «Qazaq Banki» АҚ-та теңгемен де, шетел валютасымен де
орналастырылған депозиттері бойынша жиынтығы 15 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде өтемақы төленеді, бұл ретте шетел валютасындағы депозит бойынша – баламасы 5 миллион теңгеден аспайды.
Шетел валютасындағы депозиттер бойынша өтемақы теңгемен төленеді: агентбанкте
ақшаны нақты алу күніне қарамастан өтемақы сомасын есептеу үшін 2018 жылғы
12 желтоқсандағы айырбастау бағамы қолданылатын болады. Салымдар бойынша
сыйақыны есептеу және капиталдандыру 2018 жылғы 12 желтоқсанда тоқтатылды.
«Qazaq Banki» АҚ-тың салымшыларына «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агентбанк
арқылы төлеу 2018 жылғы 24 желтоқсанда басталады. 2018 жылғы 24 желтоқсанға
дейін «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ салымшылардың өтініштерін қабылдауға және кепілді өтемақы төлеуге құқылы емес.
«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агент-банкі өтемақыны алты ай ішінде төлейтін
болады – 2018 жылғы 24 желтоқсаннан бастап 2019 жылғы 24 маусымға дейін. Ол үшін
жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер – «Qazaq Banki» АҚ-тың клиенттері агент-банктің
Қазақстан аумағындағы кез келген филиалына немесе бөлімшесіне жүгінуге құқылы.
ҚДКҚ арнайы резерв қаражаты есебінен «Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ ЕҰ агентбанкін
«Qazaq Banki» АҚ-тың салымшыларына өтемақы төлеу үшін толық көлемде ақша
қаражатымен қамтамасыз етеді. Агент-банк «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының
өтініштерін агент-банкке ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарауға құқылы. Агент-банкке жарты жыл ішінде жүгінбеген салымшылар агенттік келісімнің қолданылуы аяқталғаннан кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорында тікелей өтемақы алуға құқылы.
Қазіргі кезде ҚДКҚ және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тағайындаған
АО «Qazaq Banki» АҚ-тың тарату комиссиясы мына жұмысты жүргізуде:
– «Qazaq Banki» АҚ-тың тарату комиссиясы «Qazaq Banki» АҚ-тың 18 246
салымшысының әрқайсысының алдындағы міндеттемелердің бірыңғай тізілімін, оның
ішінде соттың шешімі заңды күшіне енген күнгі теңгенің шетел валютасына қатысты
айырбастау бағамы өзгеруін, салымдар бойынша сыйақыны есептеу мен
капиталдандыруды, салымшылардың банк алдындағы міндеттемелеріне талаптарды
өзара есепке алуды, сондай-ақ «Qazaq Banki» АҚ-ты лицензиясынан айырғаннан кейін
келіп түскен ақшаны салымшылардың шоттарына есептеуді ескере отырып
қалыптастырады;
– ҚДКҚ тарату комиссиясынан салымшылар тізілімін алады, деректерді тексереді
және «Qazaq Banki» АҚ салымшыларының алдындағы міндеттемелерді орындау үшін
салымшылар тізілімін агент-банкке береді;
– ҚДКҚ 20,4 миллиард теңге көлемінде Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіндегі арнайы шотында ақшаны резервтеді, олар «Qazaq Banki» АҚ-тың 18 246
салымшылары алдындағы міндеттемелерін толық көлемде төлеу үшін агент-банкке
аударылады.
Аталған іс-шаралар 2018 жылғы 24 желтоқсанға дейін аяқталатын болады.
24 желтоқсаннан бастап салымшылардың өтініш беруі және өтемақы алуы үшін
Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай,
Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал және Өскемен
қалаларындағы агент-банк филиалының және бөлімшесінің кез келген операциялық
залына өтініш беруі қажет. Өзінде жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет, ал
салымшыны сәйкестендіру жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша жүзеге асырылады.
Қолданыстағы төлем қағидаларына сәйкес талап ету құқықтарын растау үшін банктік
салым шарты немесе кіріс кассалық ордерлер талап етілмейді. «Qazaq Banki» АҚ
салымшысының өкіліне нотариат куәландырған сенімхат бойынша өтініш беруге және
өтемақы төлеуге рұқсат етіледі.
«Qazaq Banki» АҚ салымшыларының қолма-қол ақшаны агент-банктің кассасынан
немесе қолданыстағы банктік шоттан қолма-қол ақшасыз аударым арқылы алуына
болады. «Qazaq Banki» АҚ салымшылары агент-банктің қолданыстағы депозиттік
бағдарламалары бойынша өтемақы сомасына агент-банкте депозит немесе шот аша
алады.
«Qazaq Banki» АҚ-тың 18 246 салымшысының ішінен 17 369 салымшының кепілдік
берілген сома шегінде депозиттері бар және өтемақыны толық көлемде алады. 877
салымшының кепілдіктің ең жоғары сомасынан жоғары талаптары бар – бұл жағдайда
агент-банктен өтемақы алумен қатар, олар (салымшылар) «Qazaq Banki» АҚ-тың тарату
комиссиясына кепілдікпен өтелмейтін сомада өз талаптарын ұсынуға құқылы. Тиісті
құжаттарды беру тәртібі мен мерзімдерін «Qazaq Banki» АҚ-тың тарату комиссиясынан
қосымша нақтылауға болады:
Алматы қ.: +7 (727) 380 39 51 телефоны бойынша немесе: Назарбаев даңғылы, 279-
үй мекенжайы бойынша.
Астана қ.: +7 (717) 291 92 60 телефоны бойынша немесе: Қонаев к-сі, 14/3-үй
мекенжайы бойынша («Нұрсая» бизнес орталығы), 1-2-қабаттар.
Депозиттер бойынша кепілдіктер туралы мамандардың консультациясын «ҚДКҚ»
АҚ-тың
8 8000 80 10 20 телефоны (мобильдік телефоннан қоңырау шалу тегін) бойынша алуға
болады. Қосымша ақпаратты интернет – ресурсынан: www.kdif.kz алуға болады.
Агент-банктің филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары «Банк ВТБ
(Қазақстан)» АҚ ЕҰ: www.vtb-bank.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Қосымша
ақпаратты агент-банктің анықтама қызметінен: 5050 нөмірінен (мобильді телефоннан
қоңырау шалу тегін) алуға болады.
Анықтама үшін: «Qazaq Banki» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы шешімінің негізінде барлық банктік
операцияны жүргізуге лицензиясынан айырылды. 2018 жылғы 24 қазанда Алматы
қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Qazaq Banki» АҚ-ты
мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдады. 2018 жылғы 29 қарашада соттың
шешімі бойынша апелляциялық шағым берілді. Апелляциялық шағым бойынша сот
ісінің тоқтатылуына байланысты Алматы қаласының МАЭС-тің 2018 жылғы 24
қазандағы шешімі 2018 жылғы 12 желтоқсанда заңды күшіне енді.
arasha.kz
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024
-
06.11.2024