11-12-20 |
1420 рет қаралған
Шерхан Мұртаза шерін айтты.
Шерхан Мұртаза шерін айтты

Интернет желісінде жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қазақстандық әйелдерге қатысты айтқан пікірі жарияланды. Видео мешіттің ішінде жазылған. «Қытай үшін бір-ақ уыс аз қазақпыз. Жерімізден айырылып қалмайық. Қазақстандағы қазақтың таза саны 8 млн-ның ар жақ бер жағында. Гендерный саясат деп, қайқаңдап кеткен қатындар көп. Отырып қалған қыздардың саны 300 мыңға жетіп жығылады. Бәрі кәрі қыздар, күйеуге тимей қалған. Жағдайы жоқ. Баяғыдай қос-қостап әйел алатын жағдай тағы жоқ. Сонда не болады жағдайымыз? Қазақтың демографиясын не күтіп тұр алда? Ал мына Қытай деген көршің 1,5 млрд! Оның жанындағы 8 млн қазақ олар үшін шыбын шаққанға да татымайды. Құран Кәрімде, басқа жерде не айтады? Әйелдің міндеті не, өзі? Өсіру, тәрбиелеу, адам етіп, халқының санын көбейту», – деді Шерхан Мұртаза.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.