06-02-19 |
2870 рет қаралған
Өскеменде өртсөндірушілер қары күрелмеген жолдың кесірінен оқиға орнына әрең жетті.
Өскеменде өртсөндірушілер қары күрелмеген жолдың кесірінен оқиға орнына әрең жетті

Өскемендегі 20-ықшамауданда жер үй өртенді. Өртсөндірушілер қары тазартылмаған жолдың кесірінен оқиға орнына әрең жеткен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін таңертең сағат 7.00 шамасында жер үй мен гараж және «Газель» маркалы автокөлік өртеніп кетті. Өскемен ТЖБ мәліметі бойынша, өрт 256 кв метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Айта кету керек, өрт сөндірушілер үйден газ баллондарын алып шығып, жарылыстың алдын алды.

– Қызметкерлердің оқиға орына жылдам жетуіне жол кедергі жасады. Қары тазаланбаған, – деді ТЖБ.

Дереккөз: Алтайньюс

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.