16-09-21 |
610 рет қаралған
Тоқаев Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін екенін айтты.
Тоқаев Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін екенін айтты

Мемлекет басшысы Душанбеде өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин (бейнебайланыс режимінде), Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинян, сондай-ақ, ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы  Станислав Зась шағын құрамда кездесу өткізді, содан кейін келіссөз делегациялар мүшелерінің қатысуымен жалғасты. 

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы ахуалға, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелеріне қатысты пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, 2021 жылғы Ұйым қызметінің басым бағыттарының жүзеге асырылуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған жоспарын анықтады. Кездесуде Қазақстан президенті де өз ұстанымын айтты.

Біздің бақылауымызша Ауғанстандағы жағдай аса қатты тұрақсызданып, азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін.  Жаңадан уақытша үкімет құрылды. Оның құрамы мен ниеті туралы әлемде әртүрлі пікір бар. Жаңа тәліп әкімшілінің құрылуы Ауғанстанда бейбітшіліктің орнағанын және экономикалық тұрғыдан даму үшін қажетті жағдайлар жасалатынын білдірмейді. Бұл жерде күтпеген кедергілер бары анық”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті Ауғанстандағы ахуалдың дамуына байланысты алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, бұл елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай гуманитарлық дағдарысқа қарай бет бұруда.

Ауғанстанмен арадағы қалыптасқан сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және энергетикалық байланыстарды мүмкіндігінше қайта қалпына келтіру маңызды деп санаймын. Ауғанстандағы ұзақмерзімді стратегиялық ұстанымдарын әзірлеуге қатысты жаңа биліктің қызметін мұқият бақылауды жалғастыру қажет деп ойлаймын. Біздің негізгі бағдарымыз – БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі. Қазақстан оны толық қолдауға ниетті”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.