14-12-20 |
450 рет қаралған
Жолаушылар пойызында газ баллоны жарылып 5 адам зардап шекті.
Жолаушылар пойызында газ баллоны жарылып 5 адам зардап шекті

Маңғышлақтан Ақтөбеге бет алған жолаушылар пойызында газ баллоны жарылды. Жүк вагонынан өрт шығып, бес адамның, соның ішінде бір баланың денесін күйік шалды. Төтенше жағдай Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының аумағында орналасқан №464 разъезд маңында болған. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді.
«Өрттің таралуына жол бермеу үшін багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылды. Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде бір баланың денесін түрлі дәрежедегі күйік шалды. Зардап шеккендер жүк вагонында болған. Олар Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді», – деді ТЖ министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.
Мамандар өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонның жарылуы себеп болды деп отыр. Жолаушылар пойызы бүгін таңертең Ақтөбе станциясына жіберілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.