Биылғы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа баратын балалардың 70% қазақ тілінде оқуды таңдаған. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 4 айға созылып,
400 мың өтініш түскен. Оның 80%-ы электронды форматта тапсырылған. Құжат тапсырғандардың 70%-ы мемлекеттік тілде оқуға құжат берген.
Бірінші сынып оқушыларының ең көп саны:
Абай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында.
Балаларды қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қамтудың жоғары көрсеткіші:
Қызылорда (89,6%), Ұлытау (86,6%), Маңғыстау (86,2%), Жамбыл (80,4%) облыстары.
Бұл – балаларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының қорытындысы.
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024
-
20.12.2024