27-06-21 |
1720 рет қаралған
«Аймағамбетов араша түсе алмай отыр».
«Аймағамбетов араша түсе алмай отыр»

Ұстаз Өмір Шыныбекұлы әлеуметтік желіде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов (суретте) отставкаға кетуі керек екенін өйткені  министр Түркістан облысындағы білім саласындағы былықты көріп-біліп отырса да еш шара қолданбай қарап отыр деп уәж айтқан еді.

arasha Өмір Шыныбекұлымен (суретте) хабарласып, мән-жайды сұрадық.

– Сіздің кешегідей мәлімдеме жасауыңызға не себеп болды?

– Соңғы айларда әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы білім саласына қатысты дау өршіп тұр. Өткенде бір мектептің оқушысы өзіне қол салды, одан соң еңбек демалысына шыққан ұстаздар ақшаны толық ала алмай отырмыз деп шуласып жүр. Мәселен, Шардара ауданы, Ұзыната ауылында балабақша қызметкеріне қысым жасалған. Ол мұны facebook-ке жариялаған соң, ауыл ақсақалдары, әріптестері «сен бәлеқорлық қылдың» деп қысым көрсеткен. Осындай жағдайларды білім басқармасы көріп отыр, министр де хабардар, біліп отырса да еш әрекет жасамады. Түркістан облысы білім басқармасы араша түсудің орнына мен сияқты мәселе көтергендердің аузын жабуға тырысып жатыр.

– Сізге жазбаңызды алып тастаңыз деп хабарласты ма?

– Министрдің кеңесшісі хабарласты. Жағдайды айттым. Шардара ауданы, Ұзыната ауылында балабақша тәрбиешісі қатты жан күйзелісіне түскен. Құдай сақтасын, ертең өзіне қол салса қайтеміз! Сол кісіні қорғауыңызға алсаңыз дедім. Ол тәрбиешінің үш баласы бар, күйеуінің жұмысына біреулер іздеп келген, отбасына қысым жасалып жатыр.

– Кеңесші не деді?

– Кеңесші тәрбиешіні министрдің қабылдауына жазуға және осы мәселені шешуге уәде берді.

– Министрлік мұғалімнің құқын қорғауға міндетті ғой.

– Әрине, міндетті. Аты айтып тұрғандай білім және ғылым министрлігі. Ең құрығанда «Педагог мәртебесі» туралы заңның бұзылмауын қадағаласа болады ғой. Заңды жергілікті білім басқармалары заңды орындамай отыр. Білім басқармалары жергілікті билікке бағынады да министр білім басқармалары басшыларын орынан алып тастай алмайды.

– Министрлік заңды қабылдатқанмен «енді өздерің біліңдер» дегендей білім саласында бәрібір жоғарыдағыдай жағдайлар орын алып отыр ғой.

– Иә, солай, қалай қорғансаң олай қорған болып тұр. Жергілікті жерде әпербақан басшылар көп. Жалпы мектеп директорларын тағайындау жүйесін өзгерту керек. Өткенде министрге барғанда сол мәселемен барғанмын.

– Әңгімеңізге рахмет!

arasha

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.