06-03-24 |
7760 рет қаралған
Ғылымды қаржыландыру тәртібі бұрынғыша қалды.
Ғылымды қаржыландыру тәртібі бұрынғыша қалды

Жаңа заң жобасында ғылым мен ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың қолданыстағы тетігі сол күйі қалды, ол төрт нысанда жүзеге асырылады.

 Негізгі қаржыландыру мемлекеттік тапсырмаларды және олардың басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын ғылыми ұйымдар қызметінің қолданыстағы мазмұнын қамтиды.

 Гранттық қаржыландыруға ғылыми ұйымдардың конкурстық негізде жасалатын ғылыми зерттеулерді жүргізуге, соның ішінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстары кіреді.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру стратегиялық ғылыми зерттеулерге бөлінеді және конкурстық негізде жүргізіледі.

Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру бес жылдан аспайтын мерзімге іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қазіргі шығындарды қамтиды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.