12-10-23 |
4190 рет қаралған
Қорғаныс университетінен Елбасы атауын алып тастау ұсынылды.
Қорғаныс университетінен Елбасы атауын алып тастау ұсынылды

Сенатта «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық Заңның қолданылуы тоқтатылуына байланысты «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңның нормаларына сәйкес келтіру мәселесі талқыланды.

Бұл жеке мәселе, Қазақстанның арнаулы мемлекеттік органдары туралы заң нормаларын сақтау қажет болды. Заң Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде кадрлар даярлау мәселесін реттейді. Сенаторлар «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның қолданысын тоқтата тұруға байланысты аталған университеттің атауындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы» деген сөздерді «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстыруды ұсынады, – деді сенатор Бекбол Орынбасаров.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп тану туралы» Конституциялық заңға қол қойған болатын.

Ал қаңтар айында Парламент «Елбасы туралы» заңды жарамсыз деп таныды.

Arasha.kz

ФОТО: nuo.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.