Қазақстандық саясаттанушы және қоғам белсендісі Данияр Әшімбаев депутаттардың жұмысын бақылау үшін оларға чип орнатуды ұсынды.
Саясаттанушы бұл ұсынысын өзінің Telegram желісіндегі парақшасында бөліскен.
Мәслихат институтын жаңғырту аясында депутаттарға арнайы чиптер енгізуді ұсынамын, оның көмегімен сайлаушылар депутаттардың өз округтерінде болуын бақылап, жұмысын қадағалайды, – деп жазды Әшімбаев.
Бұған дейін Дәрімова Қазақстанда қиын жасөспірімдер мен балаларды чиптеу керек екенін айтып, басы дауға қалған.
Қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратындар қоғам үшін қауіпті. Алайда әдеттегідей, бәрі бұрылып, мені мазақ етеді. Жақсы хайп. Менің парақшамда оқырман санын көбейтіңіздер, – деп жазды Гүлжайна Даримова.
Бұған дейін Алматыға Ресейдің Новосібір қаласынан көшіп келген экспериментатор Михаил Радуга бұрғы мен басқа да құралдардың көмегімен басына чип салғаны туралы жазған болатын.
Arasha.kz
ФОТО: massaget.kz
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024
-
14.11.2024