19-09-23 |
1260 рет қаралған
Бір данасы – 22300 теңге. Астана әкімдігі 22 млн теңгеге кітап шығартқан.
Бір данасы – 22300 теңге. Астана әкімдігі 22 млн теңгеге кітап шығартқан

«Астанаға 25 жыл» кітабын шығаруға Елорда әкімдігі 22 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған.

Елорданың ішкі саясат басқармасы кітапты 1000 данамен шығару туралы шешім қабылдаған. Бұл бірлігіне 22 300 теңге болып шығады. Қызметті Алматы қаласында орналасқан «Тау Қайнар» ЖШС баспасы көрсеткен.

Техникалық шарттарда кітаптардың кімге тиесілі екені немесе кімге арналғаны көрсетілмеген.

Мемлекеттік сатып алу порталында кітапқа тапсырыс беру туралы өтініш 2023 жылы 28 тамызда орналастырылған. «Бір көзден сатып алу» жолымен жүргізілген келісімде тапсырыс осы жылдың соңына дейін, яғни 2023 жылы 31 желтоқсанға дейін орындалуы керек деп көрсетілген.

Айтпақшы, нақты датасына байланысты Астана қаласының 25 жылдық мерейтойы өткен 2022 жылы тойлануға тиіс болатын. Елорда астана статусын 1997 жылы 10 желтоқсанда иеленген еді.

Arasha.kz

ФОТО: kursiv.media

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.