03-10-23 |
5240 рет қаралған
Мүфтият шешеден безген Қабылбек ұстазға қамқор болып отыр ма?.
Мүфтият шешеден безген Қабылбек ұстазға қамқор болып отыр ма?

Әлеуметтік желідегі парақшасында «Атаңа сөз келтірме» деп уағыз айтқан Қабылбек Әліпбайұлының басы дауға қалды.

Қазір әлеуметтік желіде төңірегі «ұстаз» деп жапырылатын Қабылбек Әліпбайұлының шеше туралы айтқан пікірін халық қатты сынап жатыр. Әуелі не дегенін оқып көрейік.

Ана бар, шеше бар. Ана деген кім десе, ана – бүткіл болмысын, ғылымын, көрген-түйгенін балаларына арнайды. Балаларын шығаруға жұмсайды, соларды ана деп атайды. Шеше деген балаларын тастап кеткен әйел кісі. Қарамаған, бала қалай болса солай өскен. Ұрыс-жанжал, айырылысу керек болса айырылысып кете салған… Анаңның пәленшесі деген боғауыз сөз жоқ, шешеңнің пәленшесі деген боғауыз сөз бар. Шеше деген не десе, балаға еңбегі сіңбеген адам екен. Даже памперсін де ауыстырмаған… Біреуді жалдап, соған қаратады. Сол үшін әйел адамның миссиясы шеше болу емес, ана болу,-деп көсемсиді Қабылбек.

Сонымен, ұлтқа қарсы шығып, кешегі Әуезовтер, Мұқағалилар жазып, Құрманғазы күйіне арқау еткен шеше сөзін шетке қағып жүрген Қабылбек Әліпбайұлы деген кім? Назар аударып көрейік.

Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Абай өңірінде 1982 жылы дүниеге келген.

1988-1999 ж. аралығында Омар Есімов атындағы орта мектепте оқыған.

2002-2005 ж. аралығында Алматы қаласындағы «Нұр-Мубарак» Египет мәдениеті университетінде білім алған.

2005-2012 ж. аралығында Мысырдағы әлем мұсылмандарының әйгілі Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат факультетін тамамдаған. Мамандығы – ислам заңгері.

2012-2013 ж. аралығында Алматы қаласының «Әбу-Ханифа» медресесінде ұстаздық қызмет атқарған.

Алматы қаласының орталық мешітінде және «Таугүл» мешітінде дәрістер оқып, уағыз – насихат жұмыстарын жүргізген.

2013-2015ж. аралығында Жезқазған қаласы Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешітте өкіл имам қызметін атқарды.

2015-2016 жылы Алматы қаласы Байкен мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

2016 жылы 15 қаңтарда Астана қаласы «Нұр-Астана» мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалғаны туралы дерек бар.

Отбасын құрған, жұбайы, екі ұл, бір қызы бар.

2016 жылғы дерек бойынша, «қызметтегі ұстанымы, алға қойған мақсаты – алған білімін халыққа жеткізіп, халықтың сенімінен шығу, Ислам дінін ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі дінімізбен ұштастыра отырып насихаттау» – екені көрсетіліпті.

Ал қазір ол Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған республикалық ақпараттық насихат тобының (РАНТ) мүшесі. Мүфтияттың сайтында ол туралы тілдей ғана «белгілі ұстаз» деген ғана дерек бар. Бір қызығы РАНТ-тың өзге мүшелерінің дерегі толық көрсетілген.

Бұл туралы мүфтияттың арнайы өкілдеріне хабарласып, нақты жауап ала алмадық. ҚМДБ Қабылбекті қорғаштап отыр ма әлде шамасы келмей ме, оны біле алмадық.

Ал Қабылбек «ұстаз» өзінің инстаграмдағы парақшасы арқылы белгісіз бір туристік компанияны жарнамалап жүр. Онда арзан бағамен қажылыққа баруға болатыны тыралы айтылған. Айтпақшы, жақында ғана қажылық компанияға қатысты бір қылмыстық істің ұшы экс-депутат Бекболат Тілеуханға барып тірелген болатын.

Arasha.kz

ФОТО: дереккөз

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.