03-05-18 |
5320 рет қаралған
Астана экономикалық форумы – жаһандық мәселелерді қарастыратын алаң.
Астана экономикалық форумы – жаһандық  мәселелерді қарастыратын алаң

Еліміздің қарқынды дамуы мен өркендеуі біздің мүддеміз бен басты мақсатымыз. Дейтұрғанмен ғаламдық өзекті мәселелерді айналып өте алмасымыз жарқын болашаққа қол созған біздің еліміз үшін айдан анық. Осы ретте Астана экономикалық форумын ұйымдастыру Қазақстан үшін сәулелі келешекке бір қадам, бір кішкентай қарекет.

Қазіргі уақытта планетамыз қарқынды өзгерістерді бастан кешіп жатқаны баршаға аян. Кейбір табиғи ресурстар сарқылып жатыр. Ал технологияның өте жедел дамуы нәтижесінде туындайтын басқа да проблемаларды болжап білу  мүмкін емес болып отыр. Технология адамзатты жаңа этикалық нормалар шығаруға мәжбүрлеп, цифрлық экономика адамдардың әдеті мен мемлекеттің саясатын өзгертуде. Сондай-ақ күн сайын жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдер пайда болуда. Дамыған елдер әлемдік қауымдастық дамуының оңтайлы стратегиясында бәтуаға әлі де келе алмай отыр. Ал дамушы елдерге ең алдымен алға жылжу үшін заманауи ресурстар жеткіліксіз. Ертеңгі күніміз бен алыс-жақын келешегіміздің қалай болатыны бүгінгі жасалып жатқан шешімдерге тәуелді. Ғаламдық мәселелерді күн тәртібіне қоятын және оларға жауап іздейтін ел сөзсіз жаһандық табысқа жететін мүмкіндікті иеленеді.

Стратегиялық шешімдерді жасап шығару көзі Global ChallengesSummmit 2018 Астана экономикалық форумы болады. Оның басты мақсаты – дүниежүзілік сарапшылар қоғамдастығына, технологиялық элитаға, мемлекеттік басқару өкілдеріне, ірі корпорациялардың визионерлері мен көшбасшыларына мағыналы жауаптар мен жаһандық ауқымдағы шешімдерді іздестіру алаңын ұсыну.

Қазақстан Республикасы жер шарының жаһандық шақыртуларын ұлттан жоғары, ұлттық және корпоративтік деңгейлерде шешу жолдары туралы халықаралық талқылаудың нәтижелерін өзіне ең тиімді тәсілмен пайдалануға ниетті.

Дүниежүзілік экономикалық форумның сарапшылары (ДЭФ) GlobalRisksReport 2017 баяндамасында 30 жаһандық тәуекелді анықтады, олар 5 санатқа бөлінеді: экономикалық, экологиялық, геосаяси, әлеуметтік және технологиялық. Бұған қоса, тізімде өңірлік және жаһандық құрылымдардың экономикалық, геосаяси және экологиялық проблемаларын шешуге қабілетсіздігі ретінде айқындалған, өңірлік және жаһандық басқарудың тиімсіздігі тәуекелі алғаш рет пайда болды. ДЭФ осы тәуекелдерді күшейтуі және олардың өзара арақатынасын өзгертуі мүмкін үрдістерді де белгіледі: халықтың қартаюы, халықаралық құрылымдар (БҰҰ, ХВҚ, НАТО) рөлінің өзгеруі, климаттың өзгеруі және қоршаған орта жағдайының нашарлауы, қалыптасушы экономикасы бар елдерде орта таптың өсімі, ұлттық бағдарланған көңіл-күйдің күшеюі, қоғамның тереңдеп бара жатқан поляризациясы, созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар санының өсуі, цифрлық технологияларға тәуелділіктің артуы, халықтың өскелең географиялық ұтқырлығы, кедейлер мен байлар арасындағы табыстар айырмасының ұлғаюы, күш орталықтарының жылжуы, сондай-ақ урбандалудың күшеюі. Осының бәрі – ойластырылған және тиімді жауап қажет болатын шақыртулар.

Астана экономикалық форумындағы талқылаудың негізгі бағыттары, яғни 11 трэк – әлемдегі өзекті күн тәртібінің маңызды бөлігін қамтиды. Ал әрбір трек аясындағы жеке сессиялар, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер осы негізгі шақыртуларды егжей-тегжейлі талқылауға және жауап қайтару шараларын дайындауға арналған. Төменде жалпыәлемдік мәнмәтінде, сондай-ақ  Қазақстан Республикасының мүддесі тұрғысынан да 11 тректің мазмұны бойынша түсіндірулер мен нақты материалдар берілген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.