10-03-21 |
1830 рет қаралған
1 сәуірден бастап зейнетақыны есептеу жүйесі өзгереді.
1 сәуірден бастап зейнетақыны есептеу жүйесі өзгереді

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесінің өзгеретінін жариялады.

Бүгінде БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері үкімет қаулысымен анықталады. Оған сәйкес, бір айлық төлемнің көлемі зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігін құрайды және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 процентінен кем болмауы тиіс деп жазды Sputnik Қазақстан

Ал 1 сәуірден бастап ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді. Атап айтқанда, алдымен зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын жинақтың мөлшерлемесіне көбейтеді. Одан кейін 12 айға бөледі. Осылайша, бір айлық төлемнің мөлшері шығарады.

«Одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін 5 процентке индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептелетін болады», – дейді қор мамандары.

Осы орайда олар нақты мысалды да келтірді. Мәселен, зейнетақы жинақтарының сомасы 6 000 0000 теңге болып тұр. 1 сәуірден бастап алғашқы жылдың зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6 000 000*6,5%=390 000 теңге болады. Ал ай сайынғы ай сайынғы төлемінің мөлшері (390 000/12 ай) 32 500 теңге болады. Екінші жылда оның көлемі 5 процентке өседі де, 34 125 теңгеге дейін көтеріледі.

«Бұдан бөлек, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар, сондай-ақ, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген», – делінген ресми хабарламада.

Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуін ғана емес, одан да көбін қанағаттандыратын тұлғалар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.