
20 сәуірдегі жағдай бойынша 42500 әлеуметтік көмекті алуға 7 миллион 990 мың адам өтініш берген. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрлік деректеріне қарағанда, 3 млн 692 мың адамға 42500 теңге берілген. Өтініш берушілердің ең көп саны: Алматы облысы – 1 млн; Түркістан облысы – 990,7 мың; Алматы қ. – 892,8 мың; Нұр-Сұлтан қ. – 590,8 мың; Шымкент қ. – 532,2 мың.
Ал әлеуметтік жәрдемақы ең көп тағайындалған аймақтар қатарына Алматы облысы – 534,1 мың; Түркістан облысы – 436,6 мың; Алматы қ. – 364 мың кірген.
Сондай-ақ министр Біржан Нұрымбетов 42500 теңге үшін ешкім жауапқа тартылмайтынын да бүгін хабарлады.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025