16-03-23 |
1670 рет қаралған
Банкроттық – азаматқа берілген жаңа мүмкіндік.
Банкроттық – азаматқа берілген жаңа мүмкіндік

Естеріңізде болса, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойған еді. Заң 1 қаңтардан бастап, ресми жарияланған. Биылғы жылдың 3 наурызынан бері қарызы бар, қарызын өтей алмаған азаматтар бар, аталған Заң бойынша банкроттық туралы өтініш бере бастады. Тіпті, банкроттыққа ұсынылғандардың тізімі де жарияланған болатын.

Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов төлем қабілеттігін қалпына келтіру туралы ауқымды мәселе көтерген еді. Сенатордың айтуынша, еліміздегі азаматтардың біраз бөлігінің қаржылық жағдайы нашарлаған. Оған басты себеп болған нәрсенің бірі – пандемия. Пандемия кезінде коммуналдық төлем, салық бойынша берешегі бар азаматтардың қатары артқан. Сенатор елімізде коммуналдық төлемдер бойынша тұрғындардың салық берешегі 20 млрд.теңгеге жеткен. Бұл қарыздан азаматтар қалай құтыла алады? Ол берешегін өтей ала ма?

Негізі заңда үш түрлі рәсім көзделген. Оның бірі – соттан тыс банкроттық, екіншісі – сот арқылы банкроттық, үшіншісі төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл рәсімдерге тек қарыз алушының өзі бастамашы бола алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқылы емес.

Соттан тыс банкроттықты кімдер қолданады? Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Ол үшін борышы 5,5 млн. теңгеден аспауға тиіс. Әрі кредиті 12 ай өтелмеген болса, меншігінде тіркелген мүлкі, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлкі болмаған жағдайда жүзеге асады.

Заңгерлер банкроттық деген азаматқа берілген жаңа мүмкіндік, яғни өмір бойы борышкер болып жүруден құтылу деп санайды. Сондықтан шетелге шығу мен мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымды алуға тыйым салуға болмайды. Бұл жазалау болып табылады. Банкроттық үшін осындай жауапкершілік жүктеу дұрыс емес деген пікірде.

Банкроттықтан кейін пайда болатын әлеуметтік салдарын да ескерген жөн секілді. Бұған дейінгі кредитті кешіру салу үрдісі бұған жүрмейді. Сол себепті де азаматтардың заңды жетік білгені жақсы. Заңды білмегендік жауапкершіліктен жалтаруға жол ашпайды. Заң бойынша бес жылға дейінгі уақытта банкрот деп танылған азаматтар несие ала алмайды. Тағы бір мәселе, 7 жылға дейін азаматтар банкроттық процедураға араласатын құқығын шектейді. Ал үшіншіден, үш жыл бойы ондай азаматтарға қаржылық мониторинг жүргізіледі. Сондықтан банкроттыққа ұсынатын азаматтар осы жағын ескергені дұрыс секілді.

Қазірдің өзінде банкроттыққа ұсынғандар саны 1 251 адамға жеткен. Әзірге ең үлкен сома алған борышкер 282 784 016 млн теңге алған. Ал ең төменгі сома – 87 мың теңге. Бұл бүгінгі көрсеткіш. Бұл тізім әлі де жалғаса беретіні сөзсіз. Әрі қарыздың да мөлшері өзгере бермек.

Мұның бәрі «проблемалық» несиелер деп санауға болмайды. Арасында «проблемалық» несиелер кездескенімен, көпшілігінің төлем қабілетін қалпына келтіруге болады. Сол себепті де, аталмыш заңды түсіндіру жұмыстары әлі де қажет секілді. Әр азамат өзінің құқығын білгені абзал.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.