2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджеттен ЭКСПО ғимараттын ұстап тұруға және оның жұмысын қамтамасыз етуге 35,4 миллиард теңге бөліну көзделіп отыр. Бұл туралы экономист Тимур Әбілқасымов телеграм каналында жазады.
«Көпшілік ЭКСПО 2017 жылы өтіп кетті, енді миллиардтаған шығын болмайды деп ойласа, қатты қателеседі. Бюджет жобасында мақсатты аударымдар түрінде 35.4 млрд теңге көрсетілген.
• 2020 жыл – 18.2млрд. теңге;
• 2021 жы – 7.7 млрд. теңге;
• 2022 жыл – 9.4 млрд. теңге.
Шығынның мақсаты:
1. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі ғимараттарын ұстап тұру шығындары;
2. Қазақстанның Дубайда өтетін «ЭКСПО-2020» дүниежүзілік көрмесіне қатысуы.
Шығындардың бірінші бөлігінен ЭКПО көрмесінің ғимараттарын ұстап тұруға, қызметкерлерге айлық пен бонустар төлеу көзделген. Бұл шығындарды халықаралық «Астана» қаржы орталығына беруге болар еді.
Екіншісі, Дубайдағы «ЭКСПО-2020″ көрмесіне қатысу мемлекеттің имиджіне арналған. Президент бұл шығынды қысқартуды тапсырған» деп жазады экономист.
2017 жылы өткен ЭКСПО көрмесі қоғамда сынға ұшырап, Қазақстан үшін өте қымбатқа түскен еді.
-
27.11.2024
-
27.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024
-
26.11.2024