23-02-21 |
1850 рет қаралған
Елімізде 20 мың адам зейнетақы қорындағы жинағын туысына беруге өтініш жазған.
Елімізде 20 мың адам зейнетақы қорындағы жинағын туысына беруге өтініш жазған

Тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері қаралған Үкімет отырысында «Отбасы банкі» басқармасының төрағасы Ләззат Ибрагимова қазақстандықтардың зейнетақы төлемдерін қайда пайдаланып жатқаны айтты.

«Қазіргі таңда қарқынды түрде іске асырып жатқан біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша көрсеткіштер келесідей: келіп түскен өтінімдердің ең көп үлесі, бірінші ипотекалық қарызды өтеу – 35 мыңнан астам өтінім; ипотекасыз тұрғын үй сатып алу – 28 мыңнан астам өтінім, туысқа жинақтарды беру – 20 мыңнан астам өтінім. 2021 жылғы 19 ақпандағы жағдайға сәйкес, зейнетақы қорынан 564 млрд теңге сомасына 98 мың өтінім жіберілді. 145 млрд теңге сомасына 28 мың өтінім жүзеге асты. Яғни, клиенттер растайтын құжаттарды ұсынды», – деді Ләззат Ибрагимова.

Оның айтуынша, 2021 жылдың 19 ақпанындағы жағдай бойынша зейнетақыға тұрғын үй сатып алуға байланысты мақсатқа 38 мың өтінім жіберілді.

«Халықтың тұрғын үй мәселелерін шешуге қолжетімділікті арттыру мақсатында келесі ұсыныстар жасалды және олар қолдау тапты. Бірінші – салымшылардың тұрғын үй құрылысы жинақтарын толтыру үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін банк жүйесіне салу. Екінші – жеке қаржыландыру көздерін пайдалану арқылы 2-3 жылдың ішінде жеке тұрғын үй құрылысын ұлғайтуға мүмкіндік беретін жер учаскесін алу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануды жеке мақсат ретінде бөлу», – деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.