
42500 теңге үшін ешкімді қылмыстық жауапкершілікке тартпайды, ешкімді тексермейді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты
«42 500 теңге алған бірде-бір адам, егер ол қателессе де, жауапқа тартылмайды. Осыған тоқталайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Біз ешкімді тексермейміз, үйге бармаймыз. Ештеңеге алаңдамаңыз, олар сізге ақша төледі – оны алыңыз, жұмсаңыз. Егер кімде-кім тексерілсе, бізді тексереді» деді Біржан Нұрымбетов.
Үкімет коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде азаматтарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек тағайындаған. Бұл көмек көптеген дау-дамаймен жүрді. Ел ішінде үлкен талқыға айналды. Сондай-ақ үкіметтің электронды қызмет түрлерінің сын көтермейтін халде екенін көрсетті. Соған қарамастан әлеуметтік көмекті миллиодаған адам алды.
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
23.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025
-
22.02.2025