Forbes журналының жаңа санында Қазақстандағы бай адамдардың жаңарған тізімі жарияланды. Сонымен Қазақстандағы ең бай адамдар:
- Владимир Ким — $5 млрд, әлемдік рейтингте Ким мырза 622 орнынан 584 орынға көтерілген.
- Тимур Құлыбаев — $3,8 млрд,
- Динара Құлыбаева — $3,8 млрд (Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы бір жылда $3 млн-нан айырылғандарымен әлемдік рейтингте 1111 орыннан 800 орынға жайғасқан).
- Болат Өтемұратов — $2,8 млрд, соңғы бір жылда ол $9 млн-ға байыған.
- Вячеслав Ким — $2,7 млрд, соңғы бір жылда $362 млн-ға байлығын еселей түскен.
- Михаил Ломтадзе — $2,6 млрд, оңғы бір жылда $369 млн-ға байлығы артқан.
Forbes журналы жариялаған Қазақстандағы бай адамдар — Владмимр Ким, Болат Өтемұратов экс-президент Н.Назарбаевқа жақын адамдар деп сипатталады.
Ал Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе екеуі Kaspi банктің қожайындары.
Президент Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында: «Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады» деді.
Ал Forbes тізіміндегі байлар — қазақстандық олигархтар саналады. Президент бұл олигархтардың байлығын қандай жолмен, нендей механизммен жұмысшылар мен орта тапқа бағыттайтыны әзірге белгісіз.