06-04-22 |
1010 рет қаралған
Құлыбаевтар, Ким және Өтемұратов – Қазақстандағы ең бай адамдар.
Құлыбаевтар, Ким және Өтемұратов – Қазақстандағы ең бай адамдар

Forbes журналының жаңа санында Қазақстандағы бай адамдардың жаңарған тізімі жарияланды. Сонымен Қазақстандағы ең бай адамдар:

  1. Владимир Ким – $5 млрд, әлемдік рейтингте Ким мырза 622 орнынан 584 орынға көтерілген.
  2. Тимур Құлыбаев – $3,8 млрд, 
  3. Динара Құлыбаева – $3,8 млрд (Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы бір жылда $3 млн-нан айырылғандарымен  әлемдік рейтингте 1111 орыннан  800 орынға жайғасқан).
  4. Болат Өтемұратов – $2,8 млрд, соңғы бір жылда ол $9 млн-ға байыған.
  5. Вячеслав Ким – $2,7 млрд, соңғы бір жылда $362 млн-ға байлығын еселей түскен.
  6. Михаил Ломтадзе – $2,6 млрд, оңғы бір жылда $369 млн-ға байлығы артқан.

Forbes журналы жариялаған Қазақстандағы бай адамдар – Владмимр Ким, Болат Өтемұратов экс-президент Н.Назарбаевқа жақын адамдар деп сипатталады.

Ал Вячеслав Ким, Михаил Ломтадзе екеуі Kaspi банктің қожайындары.

Президент Тоқаев АҚШ-тың The National Interest журналында жарық көрген «Еуразиядағы құбылмалы жағдай Қазақстанның дамуын бәсеңдетпейді» атты мақаласында: «Сондай-ақ олигархтардың жинаған мол байлығы мен олардың монополиясы елдің жұмысшылары мен орта тапқа қайтарылады» деді.

Ал Forbes тізіміндегі байлар – қазақстандық олигархтар саналады. Президент бұл олигархтардың байлығын қандай жолмен, нендей механизммен жұмысшылар мен орта тапқа бағыттайтыны әзірге белгісіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.