08-06-19 |
4360 рет қаралған
Сайлаудан кейін теңге құлдырай ма?.
Сайлаудан кейін теңге құлдырай ма?

Әлеуметтік желілерде алда келе жатқан президенттік сайлаудан кейін теңге құлдырай ма немесе  Еуразиялық Экономикалық Одаққа ортақ «Алтын» валютасы айналымға ене ме деген сұрақ мазалап жатқаны белгілі. Бұған Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова ЕЭО аясында «Алтын» валютасы айналымға енеді деген қауесет негізсіз екенін жариялаған болатын.

  • «Ұлттық банктің атынан ресми түрде мәлімдеймін, ортақ валюта енгізу туралы сұрақ қарастырылмады және күн тәртібінде тұрған жоқ. ЕЭО аясындағы әр мемлекеттің өз валютасы, өзінің ақша-несиелік саясаты бар», – деп мәлімдеді Әбілқасымова.

Алайда экономист Мақсат Халық ортақ валюта туралы сұрақ болашақта көтерілетіндігін айтады.

  • «Әлемде интеграциялық ұйымдар өте көп, оның ішінде негізгісі Еуропалық одақ. Оларда ортақ валюта бар. Басқа елдерде әлі ондай өз валютасын ойлап шығармаған. Сол сияқты Еуразиялық Экономикалық Одақ та өз ортақ валютасын шығаруы керек, ол «Алтын» болады деп жатыр. Бірақ интеграция жалғаса беретін болса, менің ойымша, ол сұрақ көлденеңінен қойыла беретін болады. Ұлттық банк өкілдері бұл жоспарымызда жоқ, күн тәртібіне қойылмаған деп айтты. Бірақ та ол қазір күн тәртібіне қойылмағанымен, ертең бәрі бір көтерілетін, қойылатын сұрақтар. Еуразиялық Экономикалық Одақтың болғанына 5 жыл боды ғой. Ол біздің елдің экономикасы үшін оңтайлы, нәтижелі болды ма деген сұрақты қоятын уақыт жеткен сияқты. Және мемлекет осыған қатысты міндеттер мен мақсаттарды қайта қарастыруы керек деп ойлаймын», -деді М. Халық.
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.