13-01-20 |
600 рет қаралған
Жастар жылы елде жұмыссыз жастардың саны артты.
Жастар жылы елде жұмыссыз жастардың саны артты

Жастар жылы Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 3,4 пайызға өскен. Бұл туралы Ranking сарапшылары мәлімдеді.

2019 жылы 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны – 84,7 мың. Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3,4 пайызға көп. 2018 жылы олардың саны 81,9 мың болған.

Жұмыссыз қыз жігіттердің көбі Алматы мен Алматы облысында тұрады: 16,8 мың және 8,9 адам. Жұмыссыз жастар Түркестан облысы (7,3 мың адам), Шығыс-Қазақстан облысы (7,1 мың адам) және Нұр-Сұлтан (6 мың адам) қалаларында да көп болып шықты.

Жастар көбіне сауда-саттық және автожөндеу саласында қызмет етеді екен. Айталық 388,7 мың жас маман осы кәсіпте еңбек етуде. Сондай-ақ жастар мемлекеттік басқару мен қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (152 мың) мен өңдеу өнеркәсібіне де (149,6 мың) бейім. Ал жастар арасында кеңінен таралған мамандықтарға ауыл, орман және балық шаруашылығы, сондай-ақ білім саласы жатады.

2019 жылдың үшінші кварталында елде 2,1 млн  15 пен 28 жас аралығында жастар жұмыс істеген — ол алдыңғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,8%  (2 млн адам) азырақ.

2019 жылдың үшінші кварталында 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастар 31,4 мың адамнан асып жығылды, немесе 37,1%. Ал жоғары білімді жастардың жұмыссыздығы 6,9% артты. Аяқталмаған жоғары білімі бар жұмыссыз жас – 4,1 мың, ол – 4,8%. Жұмыссыз жастардың арасында ең көбі орта кәсіптік білімі барлар: 33,6 мың адам немесе пайыздық көрсеткіші – 39,7%. Ал баспатқы кәсіптік немесе орта жалпы білімі бар жұмыссыз жастар – 2,4% және 14,4% құрады.

Айта кетелік, 2019 жыл елімізде «Жастар жылы» деп жарияланған. Қ Рпремьер-министрінің ресми сайтының мәліметінше 2019 жастар саясаты шеңберінде 2 млн адам жұмылдырылған. Жастар жылын өткізу бойынша үкіметте жол картасы қабылданды. Оның ішінде жастарды білім, қолжетімді баспана мен  қатар, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау, жас ортбасыларды қолдау да бар.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.