16-10-23 |
740 рет қаралған
1,4 млрд теңге. Боранбаев тағы бір қонақ үйін мемлекетке берді.
1,4 млрд теңге. Боранбаев тағы бір қонақ үйін мемлекетке берді

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңге болатын Comfort Hotel Astana қонақүйін мемлекет меншігіне өткізді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеумен ерікті ынтымақтастық аясында ҚМА Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекетке қайтару шараларын қабылдауды жалғастырып жатыр. Оның компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтініштер берді, – делінген хабарламада.

Аумағы 5 мың шаршы метрден асатын бұл қонақ үй кешенінің жылдық айналымы шамамен 900 миллион теңгені құрайды.

Бұл нысанды қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарлануда, – деп түсіндірді ҚМА.

Естеріңізге сала кетейік, Боранбаев 31 наурызда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 14 қыркүйекте Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мемлекетке 120 миллиард теңгенің мүлкін қайтарғанын, ал 15 қыркүйекте кәсіпкердің бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылғанын хабарлады. БАҚ 14 қазанда Боранбаевқа қатысы бар Маңғыстау облысындағы Phystech-II АҚ мұнай компаниясының 100% акциясы мемлекетке берілгенін хабарлады.

Arasha.kz

ФОТО: kompastour.com

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.