11-03-20 |
1020 рет қаралған
2019 жылы Қазақстаннан 45 мың азамат кетіп қалған.
2019 жылы Қазақстаннан 45 мың азамат кетіп қалған

2019 жылдың қаңтар – желтоқсан айланырында елде ішкі миграция 1,1 млн адамға жетті — бұл 2018 жылмен салыстырғанда (888,4 мың адам) 25,6% көп деп хабарлайды ranking.kz.

Өткен жылы Қазақстанға 12,26 мың адам (алдыңғы жылдан 4,1% -ға аз) шет мемлекеттерден көшіп келген болса, мемлекетімізден кетіп қалғандардың саны бірден 45,2 мыңға жетті (алдыңғы жылдан 8% -ға көп).

Елге көшіп келгендердің көбі қазақтар екен (7 мың); сонымен қатар, орыстар 2,65 мың және  301 қарақалпақ ұлтының өкілдері екен.

Көшіп кеткендердің 32,8 мыңы орыс ұлтынан, 3,2 мың неміс және 3 мың украиндықтар.

Келуші иммигранттардың көбі Маңғыстауға (2,5 мың) және Алматы облысына (2,1 мың), Алматы қаласына (1,4 мың) көшіп келіпті.

Ал эмигранттардың көбі еліміздің шығыс өңірінен (7,1 мың), Қарағанды облысы (5,8 мың) және Қостанай облысынан (5,7 мың)  көшіп кетіпті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.