25-01-24 |
5920 рет қаралған
Айлыққа дейін микрокредит алатын азаматтардың саны өсті.
Айлыққа дейін микрокредит алатын азаматтардың саны өсті

Өткен жылдың қорытындысы бойынша жалақыға дейін шағын қаржы ұйымдардан қарыз алатындардың көрсеткіші өскен. Бұл туралы Бірінші кредит бюросының ақпаратында айтылған.

«2023 жылы микрокредитке (онлайн) немесе PDL (payday loans — жалақыға дейін) қарызға сұраныс өсті. Шағын несие 45 күнге 50 АЕК дейін (2023 жылы 172,5 мың теңге) беріледі. Микрокредитке сұраныс 102,6%, яғни 790 млрд теңгеге дейін, алғандардың көрсеткіші 72,5%, 13 млн-ға дейін ұлғайды. Жыл ішіндегі орташа медианалық сома — 50 мың теңге. PDL арқылы микрозайм алғандардың 72% — 40 жасқа дейінгі азаматтар»,- делінген бюро таратқан хабарламада.

Портфель бір жылда 18,7%, 140 млрд теңгеге дейін өсті.

1 қаңтардағы өнімнің осы түріне арналған npl90 + үлесі 16,8% құрады және төмендеу тенденциясын көрсетеді.

Трендке өткен жылдың басынан бастап нақты микроқаржы ұйымының портфеліндегі NPL90+ үлесінің 20% лимитін енгізу ықпал етеді.

Бизнесін PDL-ға шығаруға негізделген микроқаржы ұйымдардың саны соңғы жылдары артып келеді.

2021 жылғы 1 қаңтарда олардың саны 44 болса, 2024 жылғы 1 қаңтарда — 79.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.