14-11-20 |
540 рет қаралған
Алматыда өткен митинг: Билікке қойған 7 талап.
Алматыда өткен митинг: Билікке қойған 7 талап

Қоғам белсендісі, тіркелмеген демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай 14 қарашада Алматыда өткен митингінің қарарын жариялады. Онда билікке 7 талап қойылған.

Талаптары мынау:

1. Саяси реформасыз, оппозициялық партиялардың және тәуелсіз тұлғалардың қатысуынсыз парламент сайлауын өткізбеу!
2. «Сайлау туралы» заңды өзгертіп, мажоритарлы жүйені енгізу. Яғни, партиялық тізіммен 50%, өзін-өзі ұсыну арқылы тұлғалардың сайлауға қатысуына жол ашып, мажоритарлы жүйеге 50% беріп, нақты өзгерістер жасау.
3. «Саяси партиялар туралы» заңды өзгерту. Партия тіркелу үшін межені 500 адамға дейін түсіру керек. Халқының саны 145 миллион адамды құрайтын Ресейде партия тіркеу үшін 500 адам жеткілікті. АҚШ-та «партия құрғаны жөнінде мәлімдеме» жасаса болды, сол партия құрылған болып саналады. Бізде де заңды өзгертіп, жаңа партиялардың тіркелуіне жол ашу керек.
4. Жер шетелдіктерге 25 жылға жалға беріледі деген бапты кодекстен мүлдем алып тастау!
5. Халыққа несиелік амнистия жариялау. 5.5 миллион халықтың несиелік борышы карантинге байланысты кешірілсін!
6. Барлық саяси тұтқындар бостандыққа шығуы тиіс! Саяси себеппен қудалау тоқтауы керек.
7. Дулат пен Жанболат Ағаділдің қазасына қатысты ашық тергеу жүргізілсін!

14 қарашада Алматыдағы ғылым академимясы алдындағы Шоқан Уәлиханов алаңында Алматы қаласы әкімшілігінің рұқсатымен митингі өтті. 

фото: facebook.com/zhanbolat.mamay

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.