31-10-23 |
790 рет қаралған
Ардагерлер кеңесіне жаңа Chevrolet Cobalt сыйлады.
Ардагерлер кеңесіне жаңа Chevrolet Cobalt сыйлады

Allur компаниясы Алматыдағы Түрксіб ауданының Ардагерлер кеңесіне жаңа Chevrolet Cobalt сыйлады. «Қарттар айы» – қарттарға қамқорлық көрсету іс-шарасының аясында машина кілтін тапсыру жақында ашылған Майлин көшесіндегі автосалонда өтті. Айтпақшы, көлік қоғамдық ұйымның автопаркіндегі бірінші көлік. Көлік құралы аудан ардагерлеріне қызмет көрсету үшін пайдаланылатын болады.

Соңғы екі жылда Chevrolet Cobalt «сатылым хиті » болып келеді, айына осы модельдің шамамен 2500 бірлігі сатылады.

Ардагерлер кеңесіне қозғалтқышы 1,5 литр және автоматты беріліс қорабы бар Optimum нұсқасы берілді.

Жалпы, Allur компаниясы «Қарттар айы» жобасының асында аудандағы ардагерлер мен зейнеткерлерді қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін, оның ішінде азық-түлік себеттерін таратуды, сондай-ақ түрлі мәдени-бұқаралық және тақырыптық шаралар өткізді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.