25-11-24 |
290 рет қаралған
Астана тұрғындарына әскери ұшақтар жайлы және көшенің жабылатыны ескертілді.
Астана тұрғындарына әскери ұшақтар жайлы және көшенің жабылатыны ескертілді

Астанада ұшақтар ұшырылып, көшелер жабылады. Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға ескерту жасады.

«ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.

Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деді ведомство.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.