Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды
Logo
Іздеу
Айдарлар

Моджтаба Хаменей ес-түссіз күйде жатыр – шетелдік БАҚ

/
Моджтаба Хаменей ес-түссіз күйде жатыр – шетелдік БАҚ
ашық дереккөзден

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменей ауыр жағдайда жатыр және Құм қаласында ем қабылдауда. Бұл туралы The Times басылымы АҚШ пен Израиль барлау қызметтерінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

Дереккөздердің мәліметінше, Парсы шығанағындағы одақтастар арасында тараған ақпаратқа сәйкес, Хаменей ес-түссіз күйде және әрекетке қабілетсіз, яғни мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатыса алмайды.

"Моджтаба Хаменей Құм қаласында ауыр жағдайда емделіп жатыр және қандай да бір шешім қабылдауға қауқарсыз", – делінген барлау бағалауында.

Еске салайық, 56 жастағы Моджтаба Хаменей әкесі аятолла Әли Хаменей қайтыс болғаннан кейін елдің үшінші Жоғарғы көшбасшысы атанған. Әли Хаменей 28 ақпанда Тегеранда резиденциясына жасалған Израиль соққысы кезінде қаза тапқан.