26-09-18 |
3840 рет қаралған
Астанада журналист кісі қолынан қаза тапты.
Астанада журналист кісі қолынан қаза тапты

«Nur.kz» порталының тілшісі Ирина Бекетованы қыркүйектің 25-не қараған түні өлтіріп кетті. 37 жастағы Иринаның артында өзі жалғыз тәрбиелеп жатқан 4 баласы қалды. Олардың барлығы кәмілет жасына толмаған, біреуі мүгедек. 

Полицияның хабарлауынша И. Бекетованың өліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын күдікке алынып,»Кісі өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зақым келтіру» бабы бойынша күдіктіні ұстау шаралары жасалып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды».

Ирина Бекетова бұрын «Қазақстан теміржолшысы» газетінде жұмыс істеген. «Nur.kz» порталымен жұмыс істескеніне көп болмаған.

Иринаның әріптестері марқұмның отбасына көмек көрсету үшін қаржы жинай бастағанын хабарлап отыр. Ол туралы әріптесі Елена Нефедова өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Ирина Бекетовамен қоштасу рәсімі 27 қыркүйекте «Артем» сауда үйінің маңындағы мешітте 10:00 өтеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.