12-01-22 |
550 рет қаралған
Болат Назарбаев Қырғызстанға өтіп, Дубайға ұшқан.
Болат Назарбаев Қырғызстанға өтіп, Дубайға ұшқан

Болат Назарбаев Қазақ-Қырғыз шекара бекетінен өтіп, Дубайға ұшқан. Бұл туралы қырғызстандық 24.kg ақпарат агенттігі әлеуметтік желіде пайда болған құжатқа сілтеме жасап, хабарлады.

24.kg хабарлауынша, Болат Назарбаев 2022 жылдың 6 қаңтары күні сағат 5.36 да көлікпен Қырғызстанға өткен.

фото: 24.kg
фото: 24.kg

24.kg өз дереккөзіне сілтеме жасап, Болат Назарбаевтың «Ақ-Жол» (Қырғыз) — «Қордай» (Қазақ) шекара бекетінен өткенін нақтылайды.

«Болат Назарбаев Қырғыстан территориясына 6 қаңтарға өткен және сол күні «Манас» әуежайынан Бішкек –  Дубай бағытына ұшып кеткен», — деп дереккөзіне сілтеме жасап, 24.kg  жазады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.