Астанада «АМАNАТ» партиясының “Әйелдер қанатының” Астана қалалық филиалының ықпалымен елордалық бірқатар колледждер мен ірі кәсіпорындар келісімге келіп, жұмысшы мамандықтар жылы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Атап айтсақ, Астана қаласындағы «ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжі», «Технологиялық колледжі», «Техникалық колледжі», «Қоғамдық тамақтану және сервис колледжі», «Жоғары көлік және коммуникациялар колледжі», «Құрылыс-техникалық колледжі» мен “ЛС Групп”, “Paving Stone Company”, “Digital System Service”, “Бірыңғай Шоғырландыру Орталығы” “DAT KZ”, “«Мастер кофе» COMMUNITY, «Ақмол холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып табылатын ірі кәсіпорындар бір мақсатта жұмыс істеп, үш мың студентті жұмысқа орналастырмақ.
Қос тарап студенттерге екі жақты қолдау білдіру мақсатында алдымен студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуін ұйымдастырып, артынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.
Партия мүшелері осы бастаманың арқасында жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешіледі деді.
“Жұмысшы мамандықтар” жылында “AMANAT” партияның ықпалымен атқарылып отырған бұл алғашқы ірі қадамдардың бірі. Алдағы уақытта партия жұмысын тоқтатпайды. Керсінше, жастарға қолдау білдіру мақсатында әр түрлі бастамаларды іске асыруды көздейміз дейді”- партияның хатшысы Шолпан Каринова.
Елімізде осындай партиялардың қолдауымен жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмыссыздардың саны анағұрлым азайса,біраз мәселе шешілер еді.
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025
-
23.01.2025