20-03-20 |
1890 рет қаралған
Еуропадан келіп, каратин ережесін бұзған Алматының бас санитарына қандай шара қолданылады?.
Еуропадан келіп, каратин ережесін бұзған Алматының бас санитарына қандай шара қолданылады?

фото: almaty.tv

Алматы қаласының қоғамдық кеңесі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтан Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тексеріс жүргізуді сұрады.

Айзат Молдағасымова 10 наурызда Франкфурттан Алматыға ұшып келген. Сол ұшақтағы бір жолаушыдан коронавирус анықталған. Алайда, Алматының бас санитары бірден карантинге жатпаған. Тек 13 наурызда  оны оқшаулаған. Сол кезде Қазақпаратқа Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова: «Айзат Молдағысымова 13 наурыз күні ертеңгісін жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды. Ол кісіге тест жасалды» деген еді.

Қала қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтов: «Егер қаланың бас санитар дәрігері вирус жұқтырған адаммен бірге ұшып келіп, карантинге жатпай, бірнеше күн жұмысқа, жиналысқа барған болса, онда оны қызметінен алып, мұндай қызметті істеуіне шектеу қою керек» деп жазады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаланың бас санитарына қандай шара қолданатыны белгісіз. Сондай-ақ бүгін Қазақстанның бас санитары Жандарбек Бекшин қызметінен кетті. Ендігі кезек Айзат Молдағасымоваға келуі мүмкін…

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.