Logo
Іздеу
Айдарлар

Парашюті ашылмай қалған. Ақтөбеде курсант қаза тапты

/
Парашюті ашылмай қалған. Ақтөбеде курсант қаза тапты
Сурет: Қорғаныс министрлігі

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының (ӘҚК ӘИ) курсанты қаза тапты, деп хабарлады «Диапазон» интернет-ресурсы.

«Оқиға 15 шілде күні таңертең болды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ӘҚК ӘИ курсанты оқу-жаттығу секіруі кезінде парашюті ашылмай қалған. Жаттығу орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда медицина қызметкерлерінің айтуынша, курсант жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған», – делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.

Ақпарат көзінің мәліметінше, қаза тапқан курсант Астана қаласынан оқуға келген, тамыз айында ол 19 жасқа толуы керек болған.