16-05-19 |
740 рет қаралған
Көп балалы аналар митингіге шығып, Назарбаев және Тоқаевпен кездесуді талап етті.
Көп балалы аналар митингіге шығып, Назарбаев және Тоқаевпен кездесуді талап етті

Нұр-Сұлтан қаласында қырық шақты көп балалы аналар балаларымен кезекті рет митингіге шығып, елбасы Н.Назарбаевтың кездесуді талап етті, деп жазады vlast.kz.

Көп балалы аналар бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласы әкімшілігіне барған. Ешкімге шықпаған соң, Астана экономикалық форумы өтіп жатқан жерге барып, өз талаптарын айтып, Н.Назарбаев және Қ.Тоқаевпен кездесуді талап еткен. Арада көп уақыт өтпей, форум өтіп жатқан ғимараттан Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Бақыт Сұлтанов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев шыққан. Екі шенеунік көп балалы аналар, журналисттермен бірге автобусқа отырып, қала әкімшілігіне барған. Ол жерде әкімшілік көп балалы аналардың талабымен журналисттерді әкімшілік ғимаратына кіру үшін жедел тіркеу жүргізген. Сөйтіп, Бақыт Сұлтанов жетпіске жуық көп балалы ананы қабылдаған. Қабылдауға әкімшілік өкілдері және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова қатысқан.

Көп балалы аналар баспана мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмек мәселесінің шешілмей жатқанын кезектесе айтқан. Азаттықтың жазуынша, Бақыт Сұлтанов: «Кезекте тұрғандарға берілетін баспана санын көбейтуге тырысамыз. Үкімет түрлі бағдарламалар арқылы Алматы да, Шымкентте де осы мәселені шешуге тырысып жатыр. Себебі бізде мәселе расымен көп. Кезекке тұра алмай жатқандар да бар, – депті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.